«Robotics Lab: білім берудегі робототехника» білім беру бағдарламасын жария талқылау
Талқылау 2026 жылғы 26 маусымда аяқталды. Бағдарлама материалдары танысу үшін қолжетімді.
«USTEM Academy» ЖШС орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне, сондай-ақ робототехника, STEM және бағдарламалау бойынша сабақтарды, үйірмелерді, факультативтерді, жобалық және практикаға бағдарланған курстарды жүргізіп жүрген немесе жүргізуді жоспарлап отырған педагогтерге арналған «Robotics Lab: білім берудегі робототехника» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасын ұсынады. Материалдар 2026 жылғы 18 маусымда жарияланды, жария талқылау мерзімі — 2026 жылғы 18–26 маусым.

